Raushan
Kazakh
Apr 18, 2026
Менің баяғыдан бері келе жатқан шәкірттерімнің бірі - Кэмерон. Әр кездескен сайын онымен сөйлесу мен үшін әрқашан үлкен қуаныш. Уақыт өте келе оның білім алып қана қоймай, жан-жақты дамып, ақылды, көркем мінезді, тамаша жас бикеш болып қалыптасқанын көру — мен үшін үлкен мәртебе.
Сабақтарымыз әрдайым мазмұнды, қызықты және нәтижелі өтеді. Ол әрқашан сабаққа уақытында келеді, өте жауапты, ынталы және үйренуге деген құлшынысы ерекше. Қазақ тіліне және қазақ мәдениетіне деген шынайы қызығушылығы бірден байқалады. Ең бастысы — ол бұл жолға бар жүрегімен беріліп, өзін толықтай арнап келеді.
Оның қаншалықты көп нәрсе үйренгенін, қаншалықты өскенін көру таңғалдырады әрі қатты қуантады. Оның жетістіктерін көру мен үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш. Осындай табанды, ізденімпаз және жарқын шәкіртке ұстаз болу — мен үшін шын мәнінде үлкен құрмет.
